21.11.2022, 20:02
Жаңалықтар
Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті
фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметі сілтеме жасап.
Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны, энергетика және көлік секторларындағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды