21.11.2022, 19:35
Жаңалықтар
Түркия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады
фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентінің құттықтауы мен ізгі тілектері үшін шынайы алғысын білдіріп, бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтардың маңызды екенін атап өтті.
Тараптар бауырлас елдердің ортақ мүддесіне сай келетін тың бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды