$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Қазақстанда мұнай мен газ өндірісінің көлемі біршама азайған

Дегенмен экономикадағы өсім қарқынында оң өзгерістер бар

Биыл Қазақстанда мұнай мен газ өндірісінің көлемі біршама азайған
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы он ай ішінде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,8%, қызмет көрсету саласында 1,6% құрады. Салалар арасында ауыл шаруашылығы, ақпарат және коммуникациялар, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қойма шаруашылығында оң өсім байқалып отыр», - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, негізгі капиталдағы инвестицияның өсу қарқыны 6,7 пайызды құрады. Экономиканың негізгі салаларында өнеркәсіпке инвестициялар ағыны 4,1%-ға өссе, тау-кен өнеркәсібінде – 13,7%-ға, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 7,4%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 14,7%-ға, көлік пен қоймада – 8,5%-ға өсті.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі оң өсу қарқынын сақтап отыр. Осы жылдың қаңтар-қазан айларында өндіріс көлемі 4,3 пайызға өсті. Ал тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар газ өндіру – 1,5%-ға, мұнай өндіру – 2,5%-ға және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру 9,9%-ға төмендеген.

Серіктес жаңалықтары