$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Премьер-министр өрттің алдын-алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді

Өртке көп жағдайда қарапайым қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болады

Премьер-министр өрттің алдын-алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді
Фото: ашық дереккөзден

Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында және елордада өрт оқиғаларының саны өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Осыған орай, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өрттің алдын-алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.

«Инспекциялардың өкілеттіктерін күшейту бойынша жұмыс жүргізу қажет. Адамдар анықталған бұзушылықтарды жоюға және болашақта олардың алдын алуға өздері мүдделі болуы тиіс. Сонымен бірге, автономды қазандықтарды тұрғын үйлерден қауіпсіз қашықтыққа шығару мәселесі осыған дейін бірнеше рет көтерілді. Өңір әкімдері осы мәселені толығымен шешуі керек, тиісті шаралар қабылдауы керек», - деді Смайылов.

Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігі жылу беру кезеңінде өрттің алдын-алу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын нақты үйлестіруді қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті. Бұл ретте тұрғын үй объектілерінде өрт қауіпсіздігін бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде келісілген ұсыныстар енгізу керек.

«Өңір әкімдіктері жылу беру кезеңінде әлеуметтік объектілердің жұмысын ерекше бақылауға алсын. Қоғамдық ғимараттар мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің ішіне орнатылған қазандықтарды сыртқа шығару мәселесін жеделдету қажет. Индустрия министрлігі Төтенше жағдайлар, Энергетика министрліктерімен, өңір әкімдіктерімен бірлесіп сұйытылған газды, әсіресе баллондардағы газды сату кезінде талаптарды қатаңдату жөнінде шаралар қабылдасын. Сондай-ақ, газ толтыру пункттерінің иелері арасында баллондардың сапасын бақылау, олардың қызмет ету мерзімін тексеру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары