Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы оң көрсеткішке ие – Смайылов
Қалада өнеркәсіптік өнім көлемі 750,3 млрд теңге жетті

ҚР Премьер-мнистрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиын барысында Премьер-министр Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып тұрғанын және атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін айтты.
• Өнеркәсіптік өнім көлемі 750,3 млрд теңге жетіп, нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 107,3 пайыз болып отыр.
• Инвестиция көлемі 403,2 млрд теңге болып, 18,3 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 93 млрдьтеңге, жеке көздерден 310,2 млрд.теңге.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі көлемі 150 млрд теңге немесе 138,6 пайыз құрады.
• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 599 мың шаршы метр немесе 126,2 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 1 578,3 млрд теңге болып, нақты көлем индексі 14,8 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 482,1 млрд теңге, нақты көлем индексі 112,1 пайыз, көтерме сауда 1 091,3 млрд теңге, 116 пайыз.
• Жалпы көлік көлемі 258,0 млрд теңге болып, 107,7 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,0 пайызға, жүк айналымы 4,6 пайызға артты.
• Байланыс қызметі 6,9 млрд теңгені немесе 105,0 пайызды құрады.