18.02.2020, 23:50
Жаңалықтар
Ислам Әбішев бес жылға сотталды
Ол 60 миллион теңгеден астам пара алды деп күдікке ілінген еді
Фотоколлаж
Нұр-Сұлтанда Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен Қазақ Күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Әбішев 5 жылға, Түкиевті 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынды», - делінген қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев пен Серік Түкиев 60 миллион теңгеден астам ақшаны бопсалау жолымен пара алды деп күдікке ілінген еді.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды