$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2020, 20:09
Жаңалықтар

Бауыржан Байбек Павлодар облысындағы партия активімен кездесті

Онда ашық ішкі партиялық сайлау – праймериз өткізуге дайындық барысы талқыланды

Бауыржан Байбек Павлодар облысындағы партия активімен кездесті
Фото: әлеуметтік желіден

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысындағы партия активімен кездесіп, сәуір-мамыр айларында ашық ішкі партиялық сайлау – праймериз өткізуге дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Партиямыздың лидері, Елбасының тапсырмасы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсынылатын тізімді түзу кезінде онда әйелдердің 30%-тен, ал 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-тен кем болмауына қол жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ мәслихаттарға басқа да әлеуметтік топтар өкілдері ұсынылуы тиіс. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар жандар, көпбалалы аналар және тағы басқалары қамтылуы керек», - деп жазды Бауыржан Байбек Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, бұл ретте қоғамдық пікір көшбасшыларын және үкіметтік емес ұйымдардың ел ішінде сөзі өтімді, жұртшылықтың сеніміне ие болған өкілдерін ілгерілетуге баса назар аударылады.

«Біздің қағидатымыз – «Жігерлі лидерлер – Қуатты партия». Азаматтық қоғаммен қоян-қолтық араласып, өзара бірлесе әрекет ету ғана азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге жол ашатынына сенімдімін!», - деп жазды ол. 

Айта кету керек, кезектен тыс конференция барысында өңір әкімі Әбілқайыр Сқақов «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

Серіктес жаңалықтары