$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында жалғыз адамды азаптап өлтірген сегіз қылмыскер сотталды

Сотта күдіктілердің қылмыс жасағаны толық дәлелденді

Атырау облысында жалғыз адамды азаптап өлтірген сегіз қылмыскер сотталды
Фото ашық дереккөзден

Жалғыз адамды жабылып сабап, темірмен ұрып өлтірген қылмыскерлерге үкім оқылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Кісі өлімі былтыр тамыз айында Индер ауданында болған. Облыстық сот мәліметінше, жәбірленуші күдіктіні ұрып кетеді. Екі күн өткен соң соққыға жығылған тұрғын оны іздеп келіп, ауыл сыртына шығып сөйлесуге шақырған. Бірақ күдікті ол жерге жалғыз бармаған.

«Ол достарымен марқұмды өлімші еті сабаған. Үш күдікті оның басынан, қол-аяғынан трубамен ұрады. Ауыр жараланған жәбірленуші ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», - делінеді сот хабарламасында.

Сотта күдіктілердің қылмыс жасағаны толық дәлелденді. Бірақ олар кінәларын жартылай ғана мойындаған. Айыпталушыларды қорғаған тарап олардың қылмысын орташа ауыр деңгейге жатқызуды сұрапты. Өтініш қанағаттандырылмады.

«Марқұмды трубамен ұрғандарды 15 жылға, қалғандарын 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, сотталушылардан жәбірленуші тарапқа 37 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеу міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары