Ресей азаматы полиция қызметкеріне пара бермек болды
ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде
Ресей Федерациясының азаматына полиция қызметкеріне пара беруге тырысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz -ке сілтеме жасап.
8 қарашада Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде ЖҚЕ бұзғаны үшін 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volvо FN жүк автокөлігі тоқтатылған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 2-бөлігі бойынша жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін полицияға пара ұсынған.
Полиция қызметкері қызметтік борышын атқара отырып, ақшадан бас тартқан. Принципті берік ұстанған полицей сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің тікелей басшылығына және Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.