11.11.2022, 00:03
Жаңалықтар
Қызылордада 14 және 16 жастағы қыздар екі күннен бері табылмай жатыр
Олар үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған
фото: www.inform.kz
Қызылордада 14 және 16 жастағы екі қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
14 жастағы Асанова Жансұлу мен 16 жастағы Тыныштыбай Арнұр үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.
«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасының хабарламасында.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
