$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жеңілдікпен киім-кешек алмақ болғандар бірін-бірі таптап кете жаздады

Әлеуметтік желіде дүкенге кіруге таласып, бірін-бірі итеріп жатқан адамдардың видеосы таралды

Шымкентте жеңілдікпен киім-кешек алмақ болғандар бірін-бірі таптап кете жаздады
Фото: Видеодан скриншот

Шымкентте жеңілдікпен киім-кешек алмақ болғандар  бірін-бірі таптап кете жаздады. Жаппай сатылым ұйымдастырып, қауіпсізідкті қамтамасыз етпеген сауда үйінің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкент қаласында Тәуке хан даңғылы бойындағы сауда үйі 5-қарашада спортттық киімдерді арзан бағамен сатуға акция ұйымдастырған. Алайда келушілер қатары сауда үйі әкімшілігі ойланғаннан әлдеқайда көп болса керек. Жиналғандар бірін-бірі итеріп, дүкенге кіруге кедергі келтірген.

Оқиға орнына учаскелік инспекторлар шақыртылды.

Сауда үйінің иесі Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 488-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Серіктес жаңалықтары