Хубэй провинциясында коронавирустан қаза тапқандар саны 1789 адамға жетті
Өңірде вирус жұқтырғандар саны 59 989 адам болды

Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түріне шалдыққандар саны 60 мыңға жетті. Мұнда бір күнде 93 адамның өлімі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Өңірлік денсаулық сақтау комитетінің хабарлауынша, бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 1807-ге артып, 59 989 адам болды. Провинцияда коронавирустан жалпы 1789 адам қаза тапты.
Коронавирустан емделіп шыққандар саны 1223 адамға артып, жалпы алғанда 7862 адам ауруханадан шығарылды.
Естеріңізге сала кетсек, Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Уханьда белгісіз вирус тарап жатқанын хабарлаған еді. ДДСҰ коронавирусты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп атады.