$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу полициясы 53 жастағы әйелді зорлаған күдіктіні ұстады

Қазіргі уақытта күдікті Талдықорған қаласына жеткізіліп, қамауға алынды

Жетісу полициясы 53 жастағы әйелді зорлаған күдіктіні ұстады
Фото ашық дереккөзден

Жетісу полициясы 53 жастағы әйелді зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полицейлері Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінің 53 жастағы қызметкерін зорлады деген күдікпен іздеуде жүрген, бұрын сотталған ер адамды ұстады. Күдікті Алматы қаласында ұсталып, қамауға алынды. Жәбірленушінің арызы 28 қазан күні қалалық полицияға келіп түскен. Белгілі болғандай, жергілікті қонақ үйде жұмыс істейтін 53 жастағы әйелді қонақ үй бөлмесінің бірінде тұрған белгісіз адам зорлап кеткен. Оқиға орнынан қашып кеткен ер адам 35 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын қонақ үйде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықтады.

«Күдікті бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемелерінде өтеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының аумағында жасырынып, іздеуде жүрген ер адамның мекенжайы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті Талдықорған қаласына жеткізіліп, қамауға алынды», – деп хабарлады қалалық полиция.

Тергеу ҚР ҚК-нің 120-бабы (Зорлау) және 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша жүргізілуде.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Серіктес жаңалықтары