15.02.2020, 13:59
Жаңалықтар
Іле өзенінде балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды
Ол балық ресурстарына 93 мың теңге залал келтірді
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның мемлекеттік инспекторлары Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында Іле өзенінде заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алматы облысы Балқаш ауданы Іле өзенінде 1988 жылы туған азамат «Аква Оптима 260» маркалы қайықта балық аулауға тыйым салынған аулау құралымен заңсыз балық аулау үстінде ұсталған.
Күдікті азамат 15 кг ақмарқа балығын заңсыз аулап, балық ресурстарына 93 050 тенге көлемінде залал келтірді.
Бұл факті Балқаш аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335 бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
09.12.2025, 10:49
«Тұншықтырып жүріпсіз»: Мөлдір Мұқанова тағы бір ән жазды
09.12.2025, 20:03
Астанада ауа райына байланысты 0-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды
09.12.2025, 23:45
Кентауда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылды