15.02.2020, 14:28
Жаңалықтар
Гаитиде балалар үйі өртеніп, 15 бала қаза тапты
Өрт балалар ұйықтап жатқанда басталған
Фото: reuters.com
Гаити астанасы Порт-о-Пренсте балалар үйі өртеніп, 15 тәрбиеленуші қаза тапты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Өрт түнде балалар ұйықтап жатқанда ғимараттың бірінші қабатында басталған. Екі бала оқиға орнында қаза тауып, 13 бала ауруханада көз жұмды.
Әзірге өрттің себебі белгісіз. Балалардың бірінің айтуынша, ғимаратта жарық сөніп қалғандықтан, олар майшам жаққан.
Агенттіктің хабарлауынша, балалар үйіне иелік ететін діни қауымдастық оны ашуға ресми рұқсат алмаған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды