15.02.2020, 13:25
Жаңалықтар
Әкімдік Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендердің санын нақтылады
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 170-тен астам адамның зардап шеккенін мәлімдеген еді
Фото: баспасөз қызметінен
Жамбыл облысы Масаншы ауылындағы қақтығыста 185 адам зардап шеккен. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі оқиғадан 170-тен астам адам зардап шеккенін хабарлаған еді.
«Облыстық штаб мәліметтері бойынша, 185 адам зардап шеккен. Олардың 34-і ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар 39 тұрғын үй, 20 коммерциялық объект пен 47 автокөлік өртенген», - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Олардың айтуынша, қазіргі таңда аудандағы жағдай тұрақты.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты