$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ауа райы 10 градусқа дейін суытуы мүмкін

Елдің оңтүстігі мен шығысына суық келеді

Қазақстанда ауа райы 10 градусқа дейін суытуы мүмкін

Қазақстан бойынша 2022 жылғы 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің хабарлауынша елдің оңтүстігі мен шығысына суық келеді.

«Солтүстік циклон жырасы 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады, оның ықпалында бірінші кезекте елдің солтүстік жартысы болады, сонымен байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі, тұман мен көктайғақ та болжанады. Тек елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа-райы сақталады, бірақ 23 қазанда циклон жырасы шығысқа қарай жылжуына байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты күтілуде.

23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте Батыс антициклон жотасымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 2-12 жылы;
  • солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде 0-8 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылыдан 2 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;
  • республиканың орталығында түнде 2-10 жылыдан 0-8 жылыға дейін, күндіз 8-18 жылыдан 3 аяз – 5 жылыға дейін төмендейді;
  • еліміздің шығысында түнде 3 аяз - 5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 3 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;
  • оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяздан 0-5 жылы, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін, күндіз 20-25 жылы, таулы аудандарда 12-17 жылыдан 5-13 жылы, таулы аудандарда 2 аяз-5 жылыға дейін күрт төмендеуі болжанады.
Серіктес жаңалықтары