«Қазақ болғым келеді дейтіндер бар»: Нұрлан Сабыров ТМД-дағы қазақтардың өнері жайлы
ТМД-да имидж қалыптастыратын – қазақтар
Танымал стенд-ап-комик Нұрлан Сабыров Нұрлан Қоянбаевтың бағдарламасында ТМД-дағы қазақтардың имиджі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұрлан Қоянбаев әңгіме барысында шетелде қазақтар өте танымал екенін айтып, «қазақтар не істеп жатыр?» деген сұрақ туындайтынын жеткізді. Қоянбаев Сабыровтан осы жағдай туралы сұрады.
«ТМД кеңістігінде имиджді қазақтар қалыптастырады. Көбі «Мен қазақ болып туғым келеді», «бір нәрсені барлығынан жақсы істейтін қазақ табылады» деп жатады. Бұл әзіл екені түсінікті, бірақ бұл Қазақстанмен таныс емес адамдарға әсер етеді. Бұл-тамаша тәсіл және өте нәзік күш. Мұның тек бастама екеніне сенемін. Яғни, бұл өнерде, шығармашылықта, музыкада, спортта, мәдениетте қалыптасады. Бұл күшейе түсетініне сенімдімін», - деп жауап берді Нұрлан Сабыров.