$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 59 жастағы әйел өз үйінде өлі табылды

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын департаменттің жедел тергеу тобы жүргізіп жатыр

Атырауда 59 жастағы әйел өз үйінде өлі табылды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда 59 жастағы әйел өз үйінде өлі табылды. Полиция күдіктіні іздестіруде. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Департамент мәліметінше, қылмыстық оқиға 19 қазанда таңғы сағат 07:45 шамасында болған.

«Атырау қаласының Өркен шағынауданында орналасқан жеке үйде әйелді буындырып өлтіріп кеткен. Жасы 59-да. Осы дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Қазір полиция қызметкерлері адам өлтірген күдіктіні анықтау, ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп жатыр. Оған Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдарын департаменттің жедел тергеу тобы жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, күдікті үйден алтын бұйымдарды, ақша мен өзге де заттарды ұрлап кеткен.

Серіктес жаңалықтары