$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хатиконың «тағдырласы»: Қарағандыда иесіз ит бірнеше жылдан бері аялдама маңын күзетіп отыр

Иесінен үміт үзбеген итті тұрғындар тамақтандырып тұрады

Қарағандыда көптен бері аялдама маңын торуылдап жүрген итке жұрттың назары ауды. Маңайдағы халық оны әбден танып алған. Шамасы иесін күтіп жүрген болуы мүмкін деп топшылайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қарағандының ағыл-тегіл жұрт ағылғанған көшелерінің біріндегі аялдама жанында иесін күткен ит жатыр. Бұл жапон хикаятындағы әйгілі Хатиконы еске салады.

Біреулер бірер ай десе, енді бірі иттің осы маңда жүргеніне бірер жыл болғанын айтады. Анығы, оның аялдамадағы әр автобусқа үмітпен қарайтыны. Иесінен үміт үзбеген итті тұрғындар тамақтандырып тұрады екен.

«Иесі кетіп қалып, оралмаған шығар. Мен осы аялдама арқылы өткен кезде ылғи да осында жатады. Басқа иттер де бар, бірақ олар сабылып жүреді. Ал мынау осы жерден алыстамайды», - дейді қала тұрғыны Сабина Садрутдинова.

Әлеуметтік желілерде де қарағандылық Хатиконы асырап алуға ниет білдіргендер болған. Бірақ әзірге нақты іске көшкендер жоқ сыңайлы.   

Серіктес жаңалықтары