Алматыда полицейлер өзіне қол салмақ болған келіншекті құтқарып қалды

Azattyq Rýhy

Кейін өз-өзіне келген келіншек полицейлерге алғыс білдірді

Алматыда полицейлер өзіне қол салмақ болған келіншекті құтқарып қалды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда жас келіншек өз-өзіне қол салмақшы болды. Мұны дер кезінде байқаған тәртіп сақшылары оған көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дулати көшесінің бойын патрульдеу кезінде, қараусыз қалған жерден "Хюндай" маркалы көлік табылды. Көлікте бір қыз жылап отырған.

«Көлікті тексеру кезінде хат пен арқан табылды. Бойжеткеннен жауап алған соң, оның бүгін екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғандығын анықтадық. Қызды патрульдік көлікке дейін шығарып салып, "жедел жәрдем" шақырдық», - деді Алматы қалалық ПД патрульдік полиция Полкінің аға инспекторы, полиция капитаны Дәулет Тұрманов.

Кейін өз-өзіне келген келіншек полицейлерге алғыс білдірді.

«Мені полиция қызметкерлері құтқарды. Үлкен рахмет. Олар менің қауіпсіздігім үшін жанымнан бір қадам да жасамады. Қазір мен мұның бәрін түсіндім. Олар психолог шақырғандарын айтып, мені тыныштандыра бастады», - деді жас әйел.

Мұндай іс-әрекеттің себебі моральдық және этикалық тұрғыдан айтылмайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.