СҚО-да қайыршылықпен айналысқан Өзбекстан азаматтары түрмеге қамалды

Ел аумағында болу ережелерін бұзған 704 азамат жауапкершілікке тартылды

СҚО-да қайыршылықпен айналысқан Өзбекстан азаматтары түрмеге қамалды
Фото ашық дереккөзден

СҚО Полиция департаменті көші-қон қызметінің мамандары жыл басынан бері Қазақстан аумағында шетелдік азаматтардың болу ережелерін бұзудың 1017 дерегін анықтады. Ел аумағында болу ережелерін бұзған 704 азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талапқа сай Қазақстан азаматтары үйіне шетелдік мейман ішкі істер органдарына уақытылы, яғни 3 жұмыс күні ішінде хабарлама беруге міндетті. Тәжірибе бұл шарттың дер кезінде орындалмайтынын көрсетіп отыр. Ал басқа мемлекеттердің азаматтары әдеттетҚазақстанда болуға рұқсат етілген мерзімдерді бұзады. Алайда, басқа жағдайлар да кездеседі. Мәселен, Мағжан Жұмабаев ауданында Өзбекстан Республикасының 36 және 29 жастағы екі азаматы қайыршылықпен айналысқаны үшін екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Аталған факті 10 қазаннан бастап өткізіліп жатқан «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі аясында анықталды. Іс-шара шеңберінде шетелдіктердің болу және жұмысқа орналасу орындарына: құрылыс, базарлар, қосалқы шаруашылықтарға күшейтілген тексерулер жүргізілуде. Айта кетейік, іс-шара аясында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзудың 15 фактісі анықталды. Жыл басынан бері осындай 34 факті тіркелді. дейді СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов.

Мамандар көші-қон заңнамасын сақтау – криминогендік жағдайды бірқалыпты етуге және құқықтық тәртіпті сақтауға ықпал ететін полиция жұмысының маңызды бағыты екенін атап өтті. Мұндай деректерді анықтауға бағытталған шаралар жалғасын таппақ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.