$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Степногор қаласы маңындағы зираттан күйіп кеткен ер адамның мәйіті табылды

Марқұм отбасылық жанжалдан кейін өзіне қол салған

Степногор қаласы маңындағы зираттан күйіп кеткен ер адамның мәйіті табылды
Фото ашық дереккөзден

Степногор қаласы маңындағы зираттан күйіп кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мәйіт 1959 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі.

Мәлім болғандай, марқұм отбасылық жанжалдан кейін өзіне қол салды. Ол 13 қазанда өзінің көлігімен ата-анасы жерленген Ақсу кентіне қарай кетіп бара жатып, ұлына қоңырау шалған. Сол кезде өмір сүргісі келмейтінін айтқан.

Ер адам зират жанында үстіне жанғыш сұйықтықты құйып, өзін өртеп жіберді.

Әкесінің қоңырауынан кейін ұлы туысына хабарласып, оны табуға өтініш білдірген. Күйік шалған мәйітті 35 жастағы туысы тапты.

Полиция басқармасы бұл факт бойынша "суицидке дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары