$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда әскерден қашқандарды 1-ден 6 жылға дейін соттау ұсынылды

Қалада әскери есепте 8 711 адам тұр

Петропавлда әскерден қашқандарды 1-ден 6 жылға дейін соттау ұсынылды
Фото ашық дереккөзден

Петропавлда әскери есепте 9 мыңға жуық әскерге шақырылушы тұр, оның 510-ының жүрген жері туралы мәлімет жоқ. Енді мамандар ҚР Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп, әскерге барудан қашқандарды 1-ден 6 жылға дейін соттауды ұсынып отыр. Бұл туралы қалалық аппарат кеңесінде сөз болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Петропавл қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы Бауыржан Есенеевтің мәліметінше, шаһарда әскери есепте 8 711 адам тұр. Олардың тек 518-і ғана биыл әскер қатарына алынбақ. Қалғандары отбасылық жағдайға, оқуына, мұғалім болуына байланысты, денсаулығына қатысты уақытша босатылған. Ал әскерге шақырылуы тиіс 510 жігітті мамандар таба алмай жатыр.

Маманның айтуынша, әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына келуге мәжбүрлейтін заңды тетіктер қарастырылмаған. Сондықтан нормативті-құқықтық актілерге бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынбақ.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына өзгеріс енгізуді ұсынамыз – әскери қызметтен өтуге бас тартқандарға, шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне келмегендерді 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесу. Ал әскерге бармау үшін өзіне-өзі жарақат салатындарға, өтірік ауыратындарға, жалған құжат жасайтындарға және шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне екі және одан артық келмегендерге 3 жылдан 6 жылға дейін жаза кесуді ұсынамыз», - дейді Бауыржан Есенеев.

Серіктес жаңалықтары