$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нидерланд Украинаны жылумен қамтамасыз етеді

Ресей әскері Украинаның жылу орталықтары мен электр станцияларын ракетамен атқылаған

Нидерланд Украинаны жылумен қамтамасыз етеді
Twitter.com/LSchreinemacher

Нидерланд елі жылыту маусымынан өту үшін Украинаға 70 миллион еуро береді. Бұл туралы елдің Ішкі сауда және ынтымақтастықты дамыту министрі Лисси Шрайнемахер өзінің Twitter-парақшасында жазды.

Ақша Украинаға қысқы маусымды өткізу үшін құрылған Дүниежүзілік банктің арнайы қоры арқылы аударылады.

«Қыс жақындаған сайын украиналықтардың проблемасы ушығып барады. Үйлер, су құбырлары мен жылу желілері шұғыл жөндеуді қажет етеді. Мен Дүниежүзілік банкке Нидерланд атынан Украинаның биылғы қыстан шығуы үшін арнайы 70 миллион еуро беру туралы хабарладым», - деді Шрайнемахер.

 

Бұған дейін президент Владимир Зеленский Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей агрессиясы жағдайында Украинаға қолдау көрсету мәселесін талқылаған.

Сондай-ақ осыған дейін украиналықтарға электр энергиясын ұнемдеу ұсынылған болатын.

Серіктес жаңалықтары