Беларусь «террорға қарсы операция» режимін енгізді
«Антитеррорлық операция» режимі көрші елдерден қауіп төнгендіктен енгізілген
Көрші мемлекеттердің «арандатуы» туралы ақпаратқа байланысты Беларусьте «террорға қарсы операция» режимі енгізілді. Бұл туралы Беларусь Сыртқы істер министрлігінің басшысы Владимир Макей ресейлік «Известия» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
«Шынында да, кейбір көрші мемлекеттер Беларусь аумағының белгілі бір учаскелерін басып алуға байланысты арандатушылықтарды жоспарлап жатқаны туралы ақпарат болды», - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Беларусь аумағында аэродром желісін, сондай-ақ ресейлік әскерді орналастыру және олардың санын көбейту үшін инфрақұрылымды дайындау бойынша шаралар қабылданып жатқаны хабарланды.
Ал Беларусь басшысы Александр Лукашенко осы күндері Астанада өтіп жатқан АӨСШК саммитіне қатысып жатыр.