Украиналықтар электр энергиясын үнемдеуге мәжбүр
Ел азаматтарына электр қуатын тек түнде ғана пайдалану ұсынылды
Алдағы жылыту маусымы Украина үшін қиын болмақ, ел тұрғындары электр энергиясын үнемдеуге мәжбүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Украиналықтар электр қуатын үнемдеп, тұтынуды түнгі уақытқа ауыстыруы керек. Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгал мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір ресейліктердің уақытша бақылауындағы Запорожье атом электр станциясынсыз, Украинаның энергетикалық жүйесі қыста максималды жүктемеде жұмыс істейді.
«Бірақ әрбір украин энергияны тұтынуды үнемдеу арқылы «мемлекеттің энергетикалық тұрақтылығын сақтауға» көмектесе алады.
Мәселен, тұрмыстық және өнеркәсіптік электр қуатын тұтынуды мүмкіндігінше түнгі сағатқа ауыстыру керек. Сондай-ақ мүмкіндігінше коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеу өте маңызды», - деді премьер-министр.
Ол электр қуатын үнемдеу қысқы кезеңді «аз шығынмен» өткізуге көмектесетінін айтты.
Бүгінгі күні Украинадағы электр энергиясының тарифтері тұтыну деңгейіне байланысты осы деңгейде бекітілген:
Айына 250 кВт/сағ дейін - 1,44 грн/кВтсағ;
250 кВт/сағ жоғары - 1,68 грн/кВт/сағ.
Айта кетейік, қыркүйек айында ДТЭК энергетиктері Донецк және Днепропетровск облыстарындағы 385 мың отбасына электр қуатын қайтарған болатын.