Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды
Қазақстанның бірқатар қаласында жалға берілетін тұрғын үй бағасы шарықтап кетті
Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды. Осылайша, биліктегілер тұрғын үй нарығын бақылауға алмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін елімізге келген көрші ел азаматтарының саны артты. Сәйкесінше, Қазақстанның бірқатар қаласында жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы бірнеше есеге өсіп кетті.
Мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" порталында жалға берушілер үшін электронды келісімшарт жасауды ұсынды.
«Біз белгілі бір платформаларда, соның ішінде eGov.kz сайтындағы тетікті екі рет басу арқылы жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалатын стандартты келісімшартқа қол жеткізгіміз келеді», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.