$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды

Тағы бір балықшыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Ақмола облысында жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды
фото: www.gov.kz

Астана су қоймасында құтқарушылар көлдің түбінен 1975 жылы туған ер адамның денесін тапты, екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қаласының тұрғындары белгісіз жағдайларда жоғалып кеткен болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан алты адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан екі адам және екі техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтерлер және екі бірлік техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған. 1972 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#балықшылар