$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кентауда 167 адам астан уланып қалды

98 адам ауруханаға жатқызылды

Кентауда 167 адам астан уланып қалды
фото: egemen.kz

Түркістан облысында 167 адам астан уланды. Барлығы Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнынан суши, пицца, тауық етін жеген. Қазір сынамасы зертханада тексеріліп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ризық» деп аталатын фаст-фуд орталығы қазір жабық тұр. Жұрт жаппай ауруханаға түскен соң, полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты түгілі, аспаздарының медициналық кітапшасы болмай шықты. Бір қызығы, тамыз айында ғана дәл осы «Ризық» дәмханасынан тамақ ішкен сегіз адам уланып ауруханаға түскен екен. Бірақ ол кезде бұл жәйт ешкімді селт еткізбеген. Енді полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Ал астан ұшынған 167 адам қазан айының 6-9 аралығында тамақтаныпты.

«Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық емге жіберілді. Түркістан қаласына 31 науқас жатқызылды. Кентау қаласына – 67 науқас. Оның ішінде бес жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы орташа ауырлықта. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үіне шығарылады», - деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#тамақтан улану