12.10.2022, 02:03
Жаңалықтар
Қазақстан мен Әзербайжан әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады
фото: www.gov.kz
Бакуде Қазақстан Қарулы күштері мен Әзербайжан әскері Бас штаб бастықтарының кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әзербайжанға жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Әзербайжан армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиевпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлықтағы әскери ынтымақтастық, әскери құрылыс саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)