Ауа райының қолайсыздығына байланысты елімізде 24 жол учаскесі жабылды

Нұр-Сұлтан қаласы мен 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында және 11 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда еліміз бойынша 24 автожол учаскесі жабылған. Оның ішінде, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Ақмола мен Қарағанды облыстарындағы республикалық маңызға ие 11 жол бар.

«Біздің берген ұсыныстарды ескеріп және елдімекендерден тыс жерлерге шықпауларыңызды сұраймыз. Егер көмек қажет болған жағдайда 112 телефон нөміріне немесе 53 32 84 нөміріндегі шұғыл желіге хабарласуыңызға болады», – деді ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының өкілі Жомарт Асқаров.

Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты