$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.02.2020, 04:42
Жаңалықтар

14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

14 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: archive.ysia.ru

14 ақпан, жұма күні еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман болып, бұрқасын соғады. Ал оңтүстік аймақта күн ашық болады.

Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысынын кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының кей аумағында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында түнде жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей аумағында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей тұсына тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріне тұман түсуі ықтимал.

Ал Шығыс Қазақстан облысында түнде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Серіктес жаңалықтары