Жамбыл облысында ауыл әкімдігінің ғимараты құлайын деп тұр

Azattyq Rýhy

2 қабатты ғимарат қырық жылдан бері жөндеу көрмеген

Жамбыл облысында ауыл әкімдігінің ғимараты құлайын деп тұр

Жамбыл облысында ауыл әкімдігінің ғимараты құлайын деп тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ғимараттың қабырғалары мүжіліп, терезе жақтаулары сынған. Бірінші қабаты мүлдем жарамсыз. Мәжіліс залы көмірханаға айналған. Ғимаратта әкімшілік қызметкерлерінен бөлек кітапхана мен ауылдық инспекторлар жұмыс істейді. Олар 2018 жылға дейін нысанды айына 150 мың теңге төлеп, жалға алған. Кейін Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі сатып алыпты. Тозған ғимаратты неге сатып алғаны белгісіз. Енді ғимаратты жөндеуге қомақты қаражат қажет. Былтыр ауыл әкімі жөндеу жұмыстарына 64 млн теңге сұраған. Бірақ аудан мен облыс басшыларынан жауап болмаған. Қазір округ әкімі демеуші іздеп жүр.          

«Қазіргі уақытта қаржы бөлінгенше демеуші іздеп жатырмын. Ауылдың кәсіпкерлерімен сөйлесіп, тым болмағанда есік-терезесін, төбесін ауыстырып алсам ба деп жатырмыз. Енді мамандарыма да жұмыс істеулеріне жағдай жасауым керек», - дейді Өрнек ауылының әкімі Айбек Әбішев.      

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.