Түркияда жылдық инфляция 83%-дан асты
Бразилияда президенттік сайлаудың екінші туры өтетін болды
2022 жылдың қыркүйек айында Түркия Республикасындағы жылдық инфляция 83,45% жетті. Елде көлік тасымалы қызметі, тағам мен алкогольсіз сусындар қатты қымбаттаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы елдің Ұлттық статистика институтының хабарламасына сілтеме жасай отырып Euronews хабарлады.
Дегенмен, тәуелсіз сарапшылар былтырғы қыркүйек айындағы инфляциямен салыстырғанда биыл қыркүйектегі қымбатшылық 186,27% жеткенін хабарлаған.
Ұлттық валютасы да құлдырап жатқан Түркия желтоқсаннан бері пайыздық үстемақыны азайту саясатын жүзеге асырып келеді. Алайда, жыл басынан бері түріктің ұлттық валютасы долларға шаққанда 50% құнын жоғалтқан.
БРАЗИЛИЯДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ: КАНДИДАТТАР САЯСИ ҚАРСЫЛАСТАН САЯСИ ЖАУҒА АЙНАЛДЫ – ШЕТЕЛДІК БАҚ
Бразилияда президенттік сайлаудың екінші туры өтетін болды. Елдің бұрынғы президенті Луис Лула да Силва сауалнама қорытындысы бойынша бірінші турда екі пайыз дауыс жетпей, жеңе алмай қалды, деп хабарлайды Euronews.
Ал елдің қазіргі президенті Жаир Болсонару бірінші турда қарсыласынан төрт пайызға кем дауыс жинаған. Бірақ саясаткерлер оның бұрынғы президентке қарағанда әлдеқайда сенімді әрі жақсы пікір білдіргенін айтады.
Дегенмен да Силваның жақтастары Болсонару екінші турда тағы жеңілсе, турдың нәтижелерін жалған деп танып, елде төңкеріс жариялай ма деп сескенеді.
Айта кетейік, елдегі президент сайлауының екінші туры 30 қазан күні өтетін болды.
Фото: SCANPIX/AP