$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еуроодақ Ресей алтынына санкция жариялады

Шетел жаңалықтарына шолу

Еуроодақ Ресей алтынына санкция жариялады
Фото: riafan.ru

Еуропалық одақтың тұрақты өкілдері Ресейге қарсы санкциялардың кезекті жиынтығын бекітті. Оның ішіне алтынды үшінші елдер арқылы импорттауға тыйым салу да кіреді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еуроньюске сілтеме жасап.

Мәскеу оны тікелей Еуропалық Одаққа сатпайтынын мәлімдеп отыр. Бұл қымбат металл Ресейдің энергия көздерінен кейінгі екінші маңызды экспорты саналады. Батыс дереккөздерінің хабарлауынша, Кремль 2021 жылы алтын сатудан 15,5 миллиард еуро алған. Енді ЕО азаматтарына Ресейден шыққан алтынды жартылай фабрикаттар, сынықтар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар түрінде сатып алуға тыйым салынады.

Еуроодақта «Сбербанктің» активтері қатып тұр. Шектеу шаралары Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдарын қаржыландырмауға бағытталған. Ресейге жеткізуге тыйым салынған бірқатар қос мақсаттағы тауарлар мен технологиялар тізімі бекітілді. ЕО-ның қара тізіміне тағы елу ресейлік жеке және заңды тұлғалар енгізілді.

Еуропалық Одақ ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу үшін Ресейдің бұғатталған активтерінің бір бөлігін пайдалануға рұқсат берді. ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілі санкциялар ешкімнің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтінін атап өтті.

ИЛОН МАСК: УКРАИНА МЕН РЕСЕЙ ҚАҚТЫҒЫСЫ ЯДРОЛЫҚ СОҒЫСҚА ӘКЕЛУІ МҮМКІН

Әлемдегі ең бай адам, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Элон Маск Твиттерде Украинадағы қақтығыстың салдары ядролық соғысқа әкелуі мүмкін деп жазды, деп хабарлайды BBC агенттігі.

Осылайша, Маск соғысты аяқтауға көмектесетін өзінің «бейбітшілік жоспарын» ұсынды. Ол төрт тармақтан тұрады:

  • БҰҰ бақылауымен аннексияланған аймақтарда сайлауды қайта өткізу (егер адамдардың еркі осындай болса, Ресей кетеді);
  • Қырым ресми түрде Ресейдің құрамына енеді (Масктың айтуынша, 1783 жылдан бастап Хрущевтің қателігіне дейін солай болған);
  • Қырымға су жеткізуді қамтамасыз ету;
  • Украина бейтарап мемлекет болып қала береді.

Маск «сайып келгенде, нәтиже дәл осылай болуы әбден мүмкін, алайда оған дейін талай адам көз жұмады» дегенді алға тартты.

Сонымен бірге кәсіпкер өз ұсыныстарының астына дауыс беру формасын енгізіп, «иә» немесе «жоқ» деген нұсқаларын орналастырды.

Тағы бір жазбасында Маск бұл қақтығыстың соңы ядролық соғысқа әкелуі мүмкіндігін жазды.

Айта кету керек, соғыс кезінде Маск Украина билігіне қолдау көрсетті, нақтырақ айтқанда оларға Starlink спутниктік байланыс жүйелерін ұсынды, олар батыс журналистері басқа байланыс құралдары жұмыс істемеген кезде соғыс жағдайында маңызды рөл атқарды.

ДОНАЛЬД ТРАМП CNN ТЕЛЕАРНАСЫН СОТҚА БЕРДІ

АҚШ-тың Экс-президенті Дональд Трамп CNN-ді 457 миллион доллар өтемақы талап етіп сотқа берді, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Бұрынғы президент берген арызды Флорида штатының федералды соты қарайды. Өзінің үндеуінде Трамп телеарнаны жала жапты деп айыптайды.

Саясаткердің адвокаттары соңғы айларда Трампқа жасалған шабуылдардың күшеюін 2024 жылы президенттік сайлауға қатысады деген алаңдаушылықпен байланыстырды. «Телеарна Трампты «нәсілшіл», «орыс жаяу әскері», «бүлікші» және «Гитлер» деп айыптаған» делінген құжатта.

Айта кетерлігі, бұған дейін Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер процесінде делдал болуға ниет білдірген. Ол сондай-ақ екі тарапты да бейбіт келісімге келуге шақырды.

СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ЖАПОНИЯ АУМАҒЫМЕН БАЛЛИСТИКАЛЫҚ ЗЫМЫРАНЫН ҰШЫРДЫ

Солтүстік Корея ұшырған зымыран Жапония аумағының үстінен ұшып өтіп, Тынық мұхитына құлады. Бұл туралы Жапонияның жағалау қызметі хабарлады, деп  хабарлады Reuters ақпараттық агенттігі.

Болжам бойынша, бұл – баллистикалық құрлықаралық зымыран. Үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, жергілікті TV Asahi хабарлағандай, снаряд Жапониядан 3 мың шақырым қашықта құлаған. Нақты құлау орны анықталған жоқ.

Аймақтағы кемелерге қоқысқа жақындамау ұсынылады. Теңіз және әуе кемелеріне келтірілген залал туралы ақпарат жоқ. Жапония үкіметі болған оқиғаға байланысты КХДР-ға наразылық білдірді.

Жапонияда КХДР зымыранының ұшырылуына байланысты шұғыл ескерту жүйесі іске қосылды. Ел билігі Аомори мен Хоккайдо префектураларының тұрғындарын терезелерге жақындамауға және баспана табуға шақырды. Бұл КХДР-ның бір аптадағы бесінші зымыранның іске қосылуы.

Қыркүйек айында КХДР өзін ресми түрде ядролық мемлекет деп жариялады. Енді елдің көшбасшысы Ким Чен кез- келген шешімге құқылы. Жаңа заң сонымен қатар, КХДР-ға жауға алдын ала ядролық соққы беру құқығын бекітеді.

Серіктес жаңалықтары