Илон Маск Ресейдің жаңа аймақтарында референдумдарды БҰҰ бақылауымен қайта өткізуді ұсынды
Масктың пікірінше, Украина бейтарап ел болып қалуы керек
Американдық миллиардер, Tesla және SpaceX-тің иесі Илон Маск БҰҰ бақылауымен Ресей құрамына енген ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарында референдумдарды қайталауды ұсынды. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.
Сондай-ақ, Маск әлемдік қоғамдастыққа Қырымның Ресей Федерациясының бөлігі ретіндегі мәртебесіне қарсы шықпауды ұсынды, бұл түбектің 1783 жылдан бастап "Хрущевтің қателігіне дейін" Ресейдің құрамына кіргенін еске салды.
Сонымен қатар, Масктың пікірінше, Украина бейтарап ел болып қалуы керек.
Айта кетейік, Ресей Федерациясымен қайта қосылу туралы референдумдардың нәтижелері 27 қыркүйекте белгілі болды. ДХР-да бұл бастаманы 99,23%, ЛХР-де – 98,42%, Запорожье облысында – 93,11%, Херсон облысында – 87,05% қолдады.
28 қыркүйекте Ресей СІМ референдумдар халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес өткенін хабарлады. Референдумдардың барысын бақылаған Венесуэла, Италия, ГФР, Латвия және басқа елдердің (барлығы 133 адам) бақылаушылары да олардың нәтижелерін заңды деп таныды.
30 қыркүйекте Кремльде осы аумақтардың Ресей Федерациясының құрамына кіруі туралы шарттарға қол қою рәсімі өтті. 3 қазанда Мемлекеттік Дума шарттарды ратификациялады.