$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда салмағы 5 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Қазір анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы

Алматыда салмағы 5 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы №2 перзентханада 32 жастағы әйел жүктіліктің 39-аптасында патология бөліміне түсіп, салмағы 5328 грамм, бойы 60 см сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Әйел еш қиындықсыз босанды. Қазір анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Үш күн перзентханада жатып, үйіне шығарылды», – дейді бас дәрігердің орынбасары міндетін атқарушы Гүлнәр Куренова.

Жас босанған ана аурухананың барлық қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Қызым үлкен салмақпен туатынын білмедім. №2 перзентхананың бас дәрігерінен бастап, әр мейірбикеге дейін, барша ұжыға шексіз алғысымды білдіремін! Мұнда кәсіби мамандар жұмыс істейді. Таза бөлме, тамаша тамақ. Жауапты және құрметті команда. Баршаңызға зор денсаулық, табыс тілеймін», - деді жас ана.

№2 перзентханада салмағы бес келіден асатын нәрестенің дүниеге келуі осымен екінші жағдай. Биыл мамырда салмағы 6020 грамм қыз бала дүниеге келген болатын.

Серіктес жаңалықтары