Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі

Еліміздің бірнеше облысында 13 ақпанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей аумағында тұман, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады.

Көкшетау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің күші күндіз кей жерлерде 18 м/с болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с.

Шымкент қаласында тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр