27.09.2022, 17:58
Жаңалықтар
Ақан Сатаев «Қазақфильм» басшылығынан өз еркімен кетті
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі мәлім етті
Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қымбатты достар, осы жазбам арқылы талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа «Қазақфильм» АҚ президенті ретінде қажырлы, ал ең бастысы жемісті еңбегі үшін үлкен алғыс айтқым келеді.
Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен өз еркімен кетті.
Оның ары қарайғы шығармашылық жолы біздің кинематографымыздың дамуына үлес қосатын серпінді жобалармен толығатынына сенімдімін», - дейді Дәурен Абаев.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
