$ 523.58  605.36  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау теңіз порты кеден бекеті басшысының орынбасары ұсталды

«Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша бірнеше рет пара алуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтау теңіз порты кеден бекеті басшысының орынбасары ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтау теңіз порты кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтау теңіз порты кеден бекетінің бірнеше лауазымды тұлғасына қатысты іс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдікті декларанттардың кедендегі өкілдерінен ақша алған. Қанша сома екені нақтыланбады.  Басты күдікті 2 айға қамауға алынды.

«Тергеу барысында кеден бекеті басшысының орынбасары әшкереленді. 10 қыркүйекте сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деді Маңғыстау облысы прокуратурасының аға прокуроры Әсет Бекқайыров.

Серіктес жаңалықтары