24.09.2022, 15:16
Жаңалықтар
Шымкент жатақханасындағы студенттің өлімі: полиция күдіктілерді ұстады
ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды
фото: Polisia.kz
Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды. Мегаполис полицейлері күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Екі күдікті ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.
Еске сала кетейік, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
