$ 537.53  620.52  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылды

Ертеңнен бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды

«Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылды
Фото: ашық дереккөзден

Осы жексенбіден бастап еліміздің кинотеатрларында «Аватар» фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Түпнұсқаны қайта шығарудағы мақсат – кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильм болады деп күтіліп жатқан «Аватар: Су жолы» екінші бөлімінің шығуымен орайластырылып отыр. Оның да премьерасы ана тілімізде биыл 16 желтоқсанда болады. Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды»,- деп жазды мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында.

Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігі «Интервидео» компаниясымен бірлесіп әлемдік премьерасы алдағы 10 қарашада өтетін MARVEL әлемінің «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмін де қазақ тіліне дубляждайды.

«Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды жалғастырып, картиналардың қазақ тіліндегі прокатын көбейте беретін боламыз»,- деді Д.Абаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#фильм