$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2019, 09:49
Жаңалықтар

Ақмола облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды

Бір апта бұрын оның қол астында істеген екі бірдей лауазымды шенді жемқорлықпен шатылып, қамауға алынған.

Ақмола облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметінен, фотоколлаж

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы Берік Біләловті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ПД басшысының орынбасары А.Сәдуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы С. Жұмалинаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуіне байланысты Полиция департаментінің басшысы генерал-майор Б. Біләловті қызметінен босату туралы баянат берілді», - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақмола облыстық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы болып Қазақстан ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин тағайындалды.

Ақмола облысында жоғары лауазымды полиция қызметкерлері ұсталды

Садуов облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары қызметіне 2018 жылдың сәуір айында тағайындалған. Оған дейін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасын басқарған.

Жұмалина ішкі істер органдарында он жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның жеті жылында Ақмола облыстық Полиция департаментінде басқарма басшысы болған.

Серіктес жаңалықтары