Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады
Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Ресей халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, достық пен тату көршіліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті», - делінген Ақорда баспасөзі таратқан хабарламада.
Сондай ақ, екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Оның ішінде, биылғы 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.