21.09.2022, 05:57
Жаңалықтар
Оралда ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Фото ашық дереккөзден
Оралда екі жолдас бірлесіп ішімдік ішіп, соңында бөтелкелесін өлтірген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға осы жылдың 18 қыркүйегінде шамамен 23.25 сағатта болды. Гастелло көшесінде орналасқан үйлердің бірінде екі ер адам ішімдік ішіп отырған. Бірлескен отырыстың барысында олардың арасында жанжал туындап, 37 жастағы ер азамат қолына үшкір зат алып, 38 жастағы азаматтың денесіне зақым келтірген. Екеуарадағы жанжалдың соңы өлімге әкеп соққан. Жедел жәрдем келгенге дейін жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 10:22
Бизнесмендер футболға бет бұрды: биыл Қазақстанда қандай командалар жекеменшікке өтті
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды