Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Республиканың тек батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы мүмкін
Синоптиктер 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. ҚР бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шығыста жел, шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.