$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қандастар жаңа ереженің кейбір бабына наразы

Сонымен қатар шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының қызметі, талап-өтініштері сөз болды

Қандастар жаңа ереженің кейбір бабына наразы
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан азаматтығын жаңадан алған тұлғалар ел аумағынан 5 жыл шыға алмауы мүмкін. Жаңа жобада осындай бап бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 «Отандастар» қоры қоғамдық комиссия отырысында көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды. Жаңа құжат қоныс аударған этникалық қазақтарды елдің  орталық және солтүстігіне орналастыру мәселесін айқындайды. Комиссия қараған негізгі тақырып осы.

Сонымен қатар шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының қызметі, талап-өтініштері сөз болды. Құжат комиссия отырысында қызу талқыланып, келіспейтін тұстары да айтылды. 

«Ұзақ мерзімге бағытталған көші-қонның бағдарламасы жасалмақ. Бірақ өкінішке орай, Президент жолдауындағы ұлттық мүддені бірінші кезекке қою деген ескерілмеген. Керісінше, бұл тұжырымдама сталиндік репрессия бағытында жасалған деп бағаладым. Себебі шеттен келетін қандастар Үкімет айқындаған 7 облысқа барған жағдайда ғана оларға қандас мәртебесі беріліп, 5 жыл тұрып, тек соның 4-ші жылында азаматтық алынады. Ал басқа облысқа келсе қандас мәртебесі, азаматтық берілмейді», - деді Отандастар» КЕАҚ жанындағы қоғамдық қордың комиссия мүшесі Ауыт Мұқибекұлы.

Серіктес жаңалықтары