Иран парламенті хиджабты дұрыс кимегені үшін өлтірілген әйелге қатысты тергеуді бастады
Мұсылман әйелдер хиджабты өртеп, шаштарын кесіп тастаған
Моральдық полицияда жүзеге асырылатын реформаларға дейін Иран парламентінің күн тәртібінде хиджабты дұрыс кимегені үшін өлтірілген Махса Аминидің ісі туралы мәселе болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тегеран АПА бюросының хабарлауынша, бұл туралы Иран парламентінің спикері Мохаммед Багер Галибаф айтты.
Галибаф парламенттік ішкі істер комиссиясы Иранның моральдық полициясының процесі мен әдістерін тергеуі керек деп атап өтті.
Айта кетейік, 22 жастағы Махса Аминиді хиджаб киюдің қатаң ережелерін сақтамағаны үшін моральдық полиция тоқтатқан. Ресми мәліметтерге сәйкес, осыдан кейін қыз инфаркт алды. Куәгерлер мен отбасы оны ұрып-соққанын, денесінде азаптау мен қорлаудың іздері бар деп отыр.
Әлеуметтік желілерде ашуланған мұсылман әйелдер флешмоб ұйымдастырды, онда олар хиджабты өртеп, моральдық полицияның әрекеттеріне наразылық білдіріп, шаштарын кесіп тастады.