Атырауда ер адамды талаған алабай тұқымдас иттің иесі анықталды
Ит иесіне әкімшілік хаттама толтырылды
Атырауда 43 жастағы ер адамды талап тастаған алабай тұқымдас иттің иесі анықталды. Оған әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін Атырауда алабай ит ер адамды талап тастағанын жазғанбыз.
Оқиға Атырау қаласындағы Балауса шағынауданында болған. 14-көшедегі жол бойында тұрған ер адамды алабай тұқымдас ит талап тастаған.
«Атырау тұрғыны Балауса шағынауданында белгісіз ер адамды ит талап тастағаны туралы хабарлады. Тұрғындар ит талаған ер адамды қолда бар қорғаныш заттардың көмегімен аман алып қалған. Полицейлер қабаған иттің иесін анықтады. Ол – 1965 жылғы азамат. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 407-2 бабының 1, 4-бөліктеріне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.